Замана қарқыны алапат! Қырықтың қырқасына шыққан соң  тіпті қарқындай түсе ме, әлде бәріне солай ма екен? Білмедім. Кеше ғана жұма намазда тұрған сияқты едім. Бүгін тағы жұма намазға бармаққа дайындалып жатырмын. Әне-міне дегенше бір апта, жоқ бір ай, тіпті бір жылыңыздың өзі зу ете түседі. Оны айтамыз-ау! Кеше ғана бала әнші, жас жырау атанып жүр едім, қапелімде қырықтың қақ ортасында қасқайыппыз (Тәйірі, мынауым «кемпір жар-жар десе, аяғы зар-зарға ұласадының» кері болып кетті ме? STOP!).

Айтайын дегенім ол емес. Айтпағым… «Адамзаттың үзеңгіні ойлап табуы – интеграцияның күшейіп, кеңи түсуіне себеп болыпты» (Тарихшылар айтады). Нәтижесінде күн түбіндегі жұрт жапа шегіпті. (Себебі бабаларымыз күңіреніп күн түбіне жортқанда, маңдайынан сипауға аттанды дейсіз бе?)

Сол секілді адамзат от қару ойлап тапты. Артынша атом бомбалары, зымырандар… қасірет шашқан әртүрлі уран өнімдері… Пайдасы бар. Бірақ зияны басым (меніңше, әрине). Сондай-ақ ақпарат кеңістігіндегі жаңалықтар. Соны технологиялар… қиялды қолыңа ұстатқан ғажайыптар. Пайдасы бар. Зияны ше?!. І-іммм… (Аллаһ қайырлы қылсын!)

Банкомат шықты. Кассир атауы архивке беттеді. Совхоздың директоры мен «Волганың» беделін 20-дағы пысықай бозбала мен шетелдік көлікке тартып алып берген замана ешкімнің көңіліне қарайын деп тұрған жоқ. Бейімделмеген бетімен лағып қиыр шекпек. Қалғып кеткені қаңғып қалмақ. Замананың осы сырын білген ХХ ғасыр басындағы Алаш аяулылары «Оян, қазақ!» деп жар салып бақты. Ойдағыдай оянбады. Аяғы… ашаршылық, репрессия, т.т. Жалпы, ХХ ғасырда қазақтай қасірет шеккен бірде-бір жер бетінде халық болған жоқ. (Тағы да таптаурын төскей, басқа бетке тепеңдеп жөнелдім STOP!).

Айтайын дегенім ол емес еді. Айтпағым… More

Advertisements