Қадірлі “қартамыс блогшының” жас блогының оқырмандары! “Ақылы бар ит сүйекті жұтар алдын шығатын жерімен өлшеп алады”. Кезінде қаржыны алып, игере алмай қалған Коржова ханымға айтам деп, өкпелетіп алған сөз еді. (Қалтай ағамның сөзі ғой).
Айтайын дегенім ол емес. Айтпағым блогты бастап алып, толтыра алмай ертең қиналып қалудың да қаупі жоқ емес. Блог ашқан күні үсті-үстіне бірнеше post жазғанға ұдайы осы қарқынмен сілтей береді деп ойлап қалмаңыздар. Сәті солай болып тұр. Кейінге қалдырсам, суып кетуі мүмкін. Әңгіме бүгін болды. Мәжілістің жалпы отырысында ойда жоқта бөтен елдің мерекесімен, бөтен елдің мемлекеттік тілінде біртүрлілеу інімнің (23 февральмен) құттықтауы жүйкемізді қытықтағандай болды.
Сосын сөйледік. Бүй дедік: “Қадірлі әріптестер (яғни депутаттар)! Мен осы жерде отырып, «Құрметті әріптестер, ертең 24-ақпан – Мексика Туының күні, сол мерекемен құттықтаймын» десем, ақылға сыя ма?! Сыймайды. Я болмаса, «17-ақпан өтіп кетіпті, содан бері кездесіп отырғанымыз осы. Ендеше «Праздник фонарей Юаньсияо в Китае, я вас поздравляю» деп отырсам, ақылға сыя ма?! Әрине, сыймайды. Қазақстанның мерекелері белгіленген күнтізбесінде «23-ақпан» деген ешқандай мереке жоқ! Сонда қандай мерекемен құттықтап, не үшін қол шапалақтап жатырсыздар, түсінбедім?.. Тәңірберген, мен сені сыйлаймын, жақсы көрем, досымсың, інімсің! Бірақ сен тәуелсіз Қазақстан тұсында қалыптасқан азамат емес пе едің? Мұның не? Сен – Парламенттің депутатысың. Сіздер бір-біріңізді 23-ақпанмен, Валентин күнімен құттықтайсыздар ма, құттықтай беріңіздер. Бірақ тәуелсіз Қазақстандағы биліктің бір бұтағы заң шығарушы Парламент қабырғасында өзге елдің мерекесін ұлықтауымыз отарлық санадан арылмаған нашарлығымыздың белгісі. Көңілдеріңізге келмесін. Көшеде жүрген адам емессіздер. Сіздер – саясаткерсіздер!”.
Басқа да әңгімелер болды. Артынша қазақшаға жетік бола тұрып, сауалын орысша айтқан әріптестеріме сын айтып, жексұрын болдым (Е, қоя бер, көшке берген тайын алсын, кәйтеміз енді. Жүдә болмаған соң…).
Отырыстың соңында лифт ішінде әріптестерім Серік (Қонақбаев) пен Нұрланнан (Өнербай) қолдау естідім, енді бір әріптесім “Онда тұрған не бар, совет армиясының солдатымыз ғой?” деп салмасы бар ма. “Совет армиясы деген армия, ондай мемлекет жер бетінде жоқ қой” дедім. “Это ведь история” деді. Ал мен айттым: “23 февраля это не какая не история. Это день защитника Отечества Российской Федерации”. Ол мен жайындағы “дремучий”, “упертый” деген пікірін бекіте түссе керек. Мен де оны ішімнен жарылқап жатқам жоқ…
aijannur
Ақп 23, 2011 @ 14:46:41
Қызық, әкем морфлотта әскери борышын өтесе де осы бір мерекені тойламайды, құттықтау қабылдамайды, ал біреулер әскерге бармаса да тойлауға әуес! (әкем жайлы айтқаным, өзім білем, қалғаны жайлы айта алмаймын ғой :))
Негізі, ұқпаймын мен де осындай ағаларды.
Жастар қазір көбіне тойламайды, 7 мамырды күтеді. Кейде әзілдейді де, 8 наурызда не сыйласаң, 7 мамырда алдыңа келеді деп.
Блогыңыз құтты болсын!
Мәлімет
Ақп 23, 2011 @ 17:15:57
«Қанша кәллә болса, сонша ой болады» дегенді естіп едім. Бұл жағдайға қатысты қоғамның ойы екі жаққа қақ айырылған. Әрқайсысының өз дәлелі бар.
Енді Halloween-ді де мереке қылып алса, таңданбайтын болдық.
Бекболат ТІЛЕУХАН блог ашты | Мәліметтер | Ағылшын тілін үйрену
Ақп 23, 2011 @ 17:24:09
Серікболат
Ақп 23, 2011 @ 17:48:03
Бекболат!Менің айтайын дегенім,расында да біз Кеңес Өкіметі кезінде тудық.Сол Кеңес Одағының Армиясына шақырылып,сол Кеңес Одағына әскери ант бердік.Неге де бізге 23 ақпан мейрамы бөтен болуы керек?
Мысалы маған 7 мамыр күні мейрамның қандай қатысы бар?
Кешіріңіз ,әке шешем дүниеден қайтып кетті деп мен олардың маған әке-шешелігінен бас тарта аламын ба?Сол сияқты мен қазыргы жоқ болып кеткен мемлекет Кеңес Одағынан ,менің тарихымнан қалай бас тарта аламын?Сіз бүған не айтар едіңіз?
Серік
Ақп 24, 2011 @ 13:19:30
Мен Монгол армиясында 5жылқызмет атқардым. Бірақ ол армия кәзір бар Сондада мен оны тойлағым келмейді. Себебі мен және қазақстан азаматтары бәріміз кәзір Қазақстан карулы күшінің запастағы сарбаздарымыз. Құдай сақтасын ертең Грузия мен Орыстың арасындағы жағдайдан, Ертең осы жағдай біздің басымызға келсе Ой мынау менің әкемнің армиясы мен соны қолдаймын деуің керек пе
kazaktercuman
Ақп 25, 2011 @ 06:17:04
Серікболат бұл тарихи мерекелермен қазіргі Тәуелсіздік кезеңнің мерекелерін шатастырып алмауымыз қажет. 23 февраль советтік Қызыл Армия күні, 7 ноябрь Ақпан төңкерісі күні тәрізді мерекелердің кезінде болғаны рас. Енді олар тарих болды, келмеске кетті…Оның үстіне КСРО біздің егемен еліміз емес. Біз бұл елде ылғи екінші сортты халық мәмілесін көріп келдік. Қазақтың тілінің, дінінің осыншама нашарлар қалуының бір себебі тәуелсіз еліміздің болмағандығы…орыстар мен орыстілді шала қазақтардың бізге үйреткен тарихына инанбаңыз.
saken
Ақп 24, 2011 @ 03:59:04
жақсы жазыпсыз! қолдаймын!
jandosom
Ақп 24, 2011 @ 05:57:27
Ия, дұрыс айтыпсыз Бекболат аға. Шет елдің кинолары, мерекелері қаптап барады
Тимур
Ақп 24, 2011 @ 08:39:19
:))) «Упертый» Беке, қатырдыңыз! Менің түсінбейтінім, Билік басындағылар мен қасындағылар, Парламенттің қос бұтағы да біздің берген ақшамызға (салық төлеушілердің) күн көреді. Жұмыстары сол, шақырылымдар мен пленарлық жиналыстарда отыру. Жақтырсын-жақтырмасын. Ал Тәңірберген сияқтылар неге сонда тұрып жүре береді? Не үшін келді, не үшін кетті? Жалпы, депутаттар солай жүре бере ме? Кіргісі келсе кіріп, шыққысы келсе шығып? Халық оларды қаласын-қаламасын, олар дәл сол жерде Халықтың атынан отыр. Ендеше бұ қалай болғаны? Сонда Тәңірбергеннің депутат ретіндегі функциясы 23-ақпан күні келіп, Ресейдің Қарулы Күштері күнімен құттықтап кету ме? Түсінбеймін… Түсінбейтін нәрсе көп жалпы…
Жаяу Мұса
Ақп 24, 2011 @ 09:22:38
Отаншылдықты, ұлттық патриотизмді, ұлттық намысты қайтсек нығайтамыз дегеніңізге түсіністікпен қараймын. Бірақ, мына тақырып, Сіз соншалықты шүйлігетіндей аса маңызды емес. Отаншылдықты шын мәнісінде оятатын тетіктер бұл «майда-шүйдеге» қарағанда әлдеқайда әріде жатыр. Оларды, бірақ, Сіз және әріптестеріңіз көрсе де көрмегендей болып, көзін жұмып отыр емес пе? Ендеше, блогтың ашылар тұсаукесеріне татымайтын сөз айтып не қажеті бар. Біз бәріміз, сіз айтпасаңыз да, бұл мерекенің жойылғанын білеміз. Бірақ, жеке отбасымызда сонау замандарда Кеңес Армиясында болған біздерді құттықтап қойса, ол – біздің балалардың отаншылдығы төмендеп кеткеннен емес, біздердің – ата-аналарының жастық, күш-қайратты заманымызды еске түсіргені, біз аз да болса ностальгияға беріліп, сол кездегі дәуренді, қатар-құрбыларымызды еске алып, «бір жасарып» қаламыз. Бұл – сол ниеттен ғана…
Ал, отаншылдық сезім қандай жағдайда күшейеді? Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін – бәріміз қарақан бастың қамы үшін емес, «Отан» деп сөйлеп қймай, оны іс-әрекетте көрсету қажет. Ондай тұтас сезім-күйді бүгінгі парламенттен көре алмай «пүшайман» болып отырмыз.
Сіздерді ерте заманда «государственный мужь» (Ежелгі Грекиядан бастап) дейтін. Ал мемлекеттік масштабта ойлауы тиіс депутат «Кенияның шәйі қап-қара десек, онымыз африкалықтарды расалық кемсіру» деп емес, мына өзімнің мыңдаған ауылдастарым сол «қап-қара шәйдің өзіне қолы жете алмай, неге ашқұрсақ қоңырқай тірлік етуде?» деп неге қоймайды? «Неге жалғыз Машкеевич бүкіл қазағыңды қорлап, оның байлығын ебекеңнің жағдайына жұмсайды?» деп қоймайды…
Мемлекеттің талан-таражға түсіп жатқан байлығын халықтың тұрмысын көтеруге қарай батыл бұру керек деп неге шуламайды?
Олай болмаса – бекерге «отаншылдық» туралы айтып қажеті не?
Әрине, санасы әлі толыға қоймаған мектептегі бүлдіршінге болмаса…
Elserk
Ақп 24, 2011 @ 12:01:10
Сонда 20 жыл бойғы қалыптасқан ас саясатшыларымыз да Ресей,йй,йй деп мөңірейтін болғаны. ЙАҒНЫЙ, сайасый тауарымыз да ресейлік болып жатыр ғой.
Танирберген баланың орнына қазақтілді Тәңірберген болмаса қазақтілді Иван не Шнайдер секілді күйеубаланың отырғаны керек емес пе?.
Elserk
Ақп 24, 2011 @ 12:10:31
Серікболатқа!
Секе, кешргн! Мен де Отарда болдм, сосн Өскеменнің Ахмер деген жернде болып «служайт» еттм. Ол кезм кәдмгдей ыстқ. Брақ 23 ақпанның оған ешбр қатысы жоқ. Ол – менің ата-бабамды қырған әрмиянің құрылған күні. Өткен ағсрдың 30-жылдары барын тартп алып, туған әжемді аштққа қалдырп өлтрген әскер құрылған күн, мен үшін! Мен үшін ол -тарих, брақ қара жапқан тарих.23-ақпан ыстқ болса, Ресейге барп т ойла, сонң армиясна барп қызмет ет, бізде не шаруаң бар? Көке, саған 7-мамрдың қатсы болмаса, Қазақстанға, оны қадрлайтн маған қатысы бар? Ал, сен орыс скинхеттермен тойлап келе ғой!
«Кешіріңіз ,әке шешем дүниеден қайтып кетті деп мен олардың маған әке-шешелігінен бас тарта аламын ба?» Неемене, саған 23 ақпан әке-шешеңдей қымбат па? Кім айтты саған 23 ақпан қайтты деп? Ол өлген жоқ, Ресейдің мемлекеттік мерекесі, сенің қандай әке-шешеңнің онда құны мен қадыры қалып ед? Түснбедм, кешр,Секе!!! Айып етпе! Және Қашпайтын қашардың сүтне жерк болмағн.
Elserk
Ақп 24, 2011 @ 12:19:20
Айтпақшы, мынадай жайттар орын алуда:
«НұрОтан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Н.Назарбаевқа
Көшірмесі ҚР Орталық сайлау комитетінің төрағасы
Қ.Т.Тұрғанқұловқа
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
«Нұротан» партиясы елдің бас саяси ұйымы болғандықтан да Қазақстан парламенті негізінен соның мүшелерінен құралып отыр. Алайда, бүгінгі парламент мүшелері арасынан тәуелсіз елдің мүддесін аяққа таптайтын, ұлттың намысын қоздырып, абыройына нұқсан келтіретін жайттар кейбір депутаттар тарапынан орын алуда.
2011 ж 23 ақпан күні Мәжіліс депутаты Танирберген Маратович Бердонгаров депутаттарды тарихқа айналған КСРО мерекесімен құттықтап, өзінің егемен елдің депутаттығына тән емес саяси ұстамсыздық жасады.
Бұны біз егемен Қазақстанның жастары, өгей депутатқа тән саяси астары бар, қитұрқы акция деп бағалаймыз. Бұл құттықтау – елдің егемендігіне күмән келтіру, тәуелсіз мемлекеттің парламент мүшесі бола тұра елдің саяси – идеологиялық тұрпатын шайқалту деп ұғамыз. Аталмыш жайт парламент депутаттарының егемен елдің саяси бұтағын, КСРОның құрамында болған Қазақ КСР Жоғарғы кеңесімен шатастыру болып табылады, сондай-ақ, Бердонгаров ие болып отырған мандаттың ел бірлігі мен тәуелсіздігінің рухани тұғырына қатер тудыратын әрекет.
Орын алған қылықты Парламент Мәжілісі депутатына тән емес және ел мандатын жеке көзқарасына пайдаланған Т.Бердонгаров мырзаны Мәжіліс депутатының мандатынан айыру мәселесін партия төрағасы ретінде қарауды сұраймыз. Біз егемен елдің жас ұрпағы ретінде, мұндай идеологиялық басқынға қарап отыра алмаймыз. Оның үстіне ҚР Парламентінде мемлекеттік тілді меңгерген бір де бір жас депутат жоқ екендігін ескеретін уақыт жетті. Бұл депутаттың орнына мемлекеттік тілді жақсы меңгерген партияның жас лидерін өткізуді ұсынамыз. Бізді дұрыс түсінетініңізге әрі пәрменді шешім қабылдауға сенімді қазақстандық жастар:
Серік Жолдасбай altyalash@mail.ru
Олжас Сәндібекұлы o_syruly@mail.ru
Өркен Кенжебек jas_orken@bk.ru
Заңғар Кәрімжан zangarastana@mail.ru
Гүлбахор Идиева bahor.21@mail.ru
Ерлан Әбу erlan.87.87@mail.ru
Бүркіт Нұрасыл nuratay@mail.ru
Мөлдір Мәулетқұл moldir-88@inbox.ru
Бауыржан Қарағызұлы bauke82@mail.ru
Лаура Күзенова lauka19@mail.ru
Индира Байқоныс jurnalist-777@mail.ru
Бауыржан Берікұлы berikylu85@mail.ru
Есбол Нұрахмет esbol.alashorda@mail.ru
Саян Есжан sayan.daryn@mail.ru
Ержан Аязбай kaz_erjan@mail.ru
Әсел Назаралы nazasel@mail.ru
kazaktercuman
Ақп 25, 2011 @ 06:18:49
өте дұрыс! қолдаймыз! елдің алдында жауап берсін, жаңылдым деп кешірім сұрасын депутат Бердоңғаров
kazaktercuman
Ақп 24, 2011 @ 12:56:07
Это история …дұрыс айтады, бірақ ол өткен заман, ол заманнан біз қажетін ғана талдап талғап алуымыз керек. Кеңес өкіметі дәуіріндегі тарихымызды мемлекеттік көзқарас деңгейінде ревизиялауымыз қажет.
nurbergen.makym
Ақп 24, 2011 @ 13:18:08
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Ассалаумағалекум! Сабырды молынан берсін… Айтаным дегенім ол емес. Айтайын дегенім… жә, неважно.
даут
Ақп 24, 2011 @ 18:19:16
Серикболатка
Сиз омиринизде болган окигаларды адилет таразысына салып кординизбе омиринизде жасаган немесе истеуге мажбур болган истерге иштен ойланып кординизбе ? Олай болса, бир ойлап караныз. Кызыл армия кандай кундылыктарды, кандай елди, кандай идеологияны коргады? Ол тарихымызда халкымызга, динимизге, ултымызга кандай зорлык- зомбылык жасаган армия. Жалган, отирик идеологиянын каруы, куши болганын умытып, ауганстанда мусылман баурларымызды бизге жау кылып кырганына куанып куттыктаймызба?
Биз ол армияга кызмет етсек те, онымен мактанатын жане куттыктайтын себеп емес. Армияда болу еркектик емес, жалгыз болсанда шындык, намыс жане адилет ушин тура билу жане истеген кателиктеримизди мойндай билу нагыз еркектин иси.
Жалган, кызыл динсиз оба ауруынан кутылатын кун алдекашан келди. Динимизге кайтсак, Аллах дарежемизди котереди, урпагынды куткарады.
Айтайын дегеним осы. Мени киналамастан бурын иштей биз ким екенимизди ойланып корейк.
balzhan
Ақп 25, 2011 @ 05:53:55
Тарихты қазбалай берсе күнде мереке болып кетер.)) күшті ғой күнде той тойлатып, жұмыс істемей жүре береміз. ;))
meirzhan
Ақп 25, 2011 @ 15:48:51
Толық қолдаймын сізді!
Даурен Смагул
Ақп 25, 2011 @ 19:04:10
Алдымен ашқан блогыңыз құтты болсын демекпін!
Сіздің айтқан мына пікіріңізді мен әрине қолдаймын. Шынында да біз неге жоқ мемлекеттің мейрамын тойлауымыз керек?! Керісінше, тәуелсіздігімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Ал парлементімізде осындай жағдайдың болып өткені ұяттау болған екен…
saken
Ақп 26, 2011 @ 03:53:07
Бекболат аға! мүмкіндік болса осы жердегі жазылған пікірлерге өз жауабыңызды білдіре отырсаңыз!
Uzak Abdul Razzak
Ақп 26, 2011 @ 09:54:45
Алла сабыр берсін! Алладан бұйрық болмай талдан бір жапырақ жерге түспейді дей келе, түсінген адамға негізі қазағымда ұлы 3 мейрам бар деп есептеймін, атап айтқанда Ораза айт, Құрбан айт, Тәуелсіздік мейрамы.
Бұл мейрамдарды орнымен дұрыс атап өтуіміз, ол бүгініміз және ертеңіміз.
Жулдыз Әбділда
Ақп 28, 2011 @ 07:52:17
Біріншіден, блогыңыз құтты болсын!
Ал жазбаға келсек… Кейде осы мән беруге тиіс нәрсеге мән бермей, түкке тұрғысыз біреулерді айналасында шулыған жасап жіберетіндеріңізге таңым бар. Меніңше, соңғы күндердегі айтылатын әңгіме «бала депутатқа» қатысты емес, Мырзатай Жолдасбековке қатысты болуы тиіс еді. Өзім журналист болып жүргенде бірнеше рет сұхбат алғандықтан, Уәлихан Қайсардың қазақшасы маған жақсы мәлім. Ғани Қасымовтың «қазақшасын» да жақсы білемін. «Бас» десең, «құлақ» дейтіннің нағыз өзі. Ұлтқа болсын деп жүрген азаматсыз, парламенттің төрінде осы жайтты неге айтпадыңыз? Мырзатай Жолдасбеков бастаған лингвистикалық комиссия Қасымов келгенде аяқ астынан неге алжып қалды? Қорлықтың көкесі осы емес пе? Егер парламенттің төрінен осы мәселені көтерсеңіз, сізге деген алғысым шексіз болушы еді. Ал егер айтып қойған болсаңыз, айып етпеңіз.
ара
Нау 03, 2011 @ 03:13:43
Мырзатай Жолдасбеков ешкашан адил болган адам емес. Коресиннин коресинин ол кiсi айтыска бас казылык жасап турганда коргенбiз. Азiмбек Жанкулиев, Оразалы Досбосынов сиякты токпе акындарды аягынан шалып екi ман-магынасы жок бiрденелердi салдыртып айта беретiн бiреулерге бас жулденi бере беретiн…
Гүл
Нау 03, 2011 @ 07:14:38
Қайран, Оразалы! Көзіме жас келіп, жүрегім ауырады. Қай салада болсын әділетсіздік жойылмай қазақтың бағы жануы қиын шығар? Қоғамда Жантықтардың рөлі басым болып тұр.
Серікболат
Ақп 28, 2011 @ 10:09:23
Таң қалып отырмын…Сіздердің айтқан сөздеріңіз көбінесе Нұр Отан партиясы функционерлерінің сөздеріне ұқсайды.Ертең билікке басқа адамдар келсе басқаша бұрылып кетер ме едіңдер……Жастардың жазған хаттары да таң қалдыруда.1937 жылмен шатастырып отырған жоқсыңдар ма? Аулада 2011 жыл,басқа ғасыр! Көздеріңізді ашыңдар!
Амантайдың немересі
Нау 02, 2011 @ 13:06:01
Ақпараттық соғыс заманында, мұндай «ұсақ-түйек» (кейбір замандастарымның айтуынша) елдігімізге атылған оқ секілді. Және сол оқты ішімізден шыққан шұбар жыландар атып жатқаны өкінішті. Оның қатарында республикалық арна да бар екен. 26.02.11 күні республикалық «7-арнаның» тікелей көзқарасын білдіретін «Нысана» және «Другими словами» бағдарламасында осы 23-ақпан айналасындағы тақырып қозғалды. Екі бағдарлама екі түрлі позиция ұстанған. «Нысана» – қазақтілді бағдарлама, Бекеңнің наласын нәшіне келтіріп жеткізген болса, ресми тілдегі – «Другими словами» талай намыстының ашуын қоздырғаны анық. Атап айтсам, «Другими словами» бағдарламасында «Ұлы Отан соғысында» (кім үшін екені бір құдайға анық) жеңіске жеткен, Ауғаныстанда «ерлігімен танылған» Кеңес армиясы мен сарбаздары жұмбақ түрде немесе оқу-жаттығу алаңдарында қаза боп жатқан (бұл жайттар сюжетте анық мысал ғып берілген) қазіргі қазақ әскері салыстырыла берілген. Меніңше, журналистердің бұл арандатуы қудалануға тиіс секілді.
Гүл
Нау 02, 2011 @ 21:39:03
Бұл Тәңірберген – «жаман иттің атын Бөрібасар қояды», кешіріңіздер, еріксіз осы мақал есіме түсіп кетті, өзі тек 23 ақпанда бір көрініп қалады, онымен қоймай қазақтың «больной местосын» басып отыратына қарағанда, оны соған итермелейтін сахнаның ар жағында біреу бар ма деген ойға қаламын. Ол «халық қалаулысы» емес – жанды қуыршаққа көп келеді. Намысы бар қазаққа «Жауыздықтың империясы» болған Кеңес Одағы әскерінің құрылған күні қазақ халқы үшін қасірет күні болу керек. Біз, яғни сол заманның ұрпақтары, Ж.Империяның «зомбилары» болдық. Темір құрсаудың сыртында не болып жатқанынан бейхабар, өзімізді өзіміз мақтап, керемет мемлекеттің азаматтары болып, көп мемлекеттерден бір ғасырдан аса артта қалғанымызды білмей келдік. Енді, Егемен ел болғалы туылған ұрпақты сол заманда қалыптасқан құлдық санамен уландырмауда Бердіоңғаров сияқты депутатарымыз тұрғанда болашаққа қандай үміт болады?
Айтайын дегенім, Бекболат мырза, блогыңыз құтты болсын. «Мырза» дегенім замандас болғандықтан жастар айтқандай «аға» дей алмаймын. Сіздің сөздеріңізді теледидарлардан 2-3 минуттық уақытта естігенде, тәтті бір шербетті бір тістеп, қалғанын абайсызда түсіріп алып, өкініп қалатындай сезімде болатын едім. Себебі, халқымыз жоғарғы трибуналардан қазақтың қара сөзінің майын тамызып сөйлегенді естіп, тілдің құнарынан ләззат алатын сәттер ұзақ болып, әр қазақ өз тілінің қадіріне жете білгенін іштен аңсаумен келеді. Қуанышымыз ұзағынан болып, айтарыңызды көзімізбен көріп, көңілімізбен тоқитынымызға разылығым шексіз. Әр депутаттың әлем торында блогы, әр отандасымыздың компьютері мен интернеті болса, ең болмаса, виртуалды болса халық қалаулылары халқына бір табан жақындар еді. Және де Жұлдыз Әбділданың айтқанына қосыламын. «Тіл комиссиясы» тілімізді қорлап, өзі де еңсесі көтерілмей жүргенде есеңгіретіп тастады. Осының бір жауабы бар шығар…
shokan
Нау 03, 2011 @ 07:50:29
Сөздеріңіз бір түрлі қызық екен. Жылдар бойы ССССССССССР дің айтқанымен жүре жүре советский ұғым мыйға сіңіп қалған тәрізді.
Болатбек
Нау 08, 2011 @ 12:31:27
бұдан да маңыздырақ мәселердің жоқ емес екенін ұмытпасаңыздар болды да, құрметті «халық қалаулылары»…
Абу Мухаммад
Нау 10, 2011 @ 03:37:52
мусылмандарда 2 мейрам бар Ораза айт жане Курбан айт осы мейрамдарды жаксылап тойлайык иншаАллах
Abay Otar
Нау 25, 2011 @ 21:38:35
Жалпы бізде баяғы қазақтардан қалған қандай мейрам бар? СССР деп біреудің қотырын қасығанша, сонау өзіміздің ата-бабамыздың мерекесін тойламаймыз ба.
Abay Otar
Нау 25, 2011 @ 21:39:58
Бекболат аға айтыңызшы, қашан қазақ халқы құлдық психологиясынан арылады екен.
Галымжан аль Канли
Нау 26, 2011 @ 20:05:52
Ассалямуаляйкум, жамаъат, Бекболат ага! Ашқан блогыңыз кұтты болсын! Аллаһ Таъалам хайырын берсiн! Сізді көгілдір экраннан көрген сайын, майын тамызатын сөздеріңізді естіген сайын, депутат болып өзекті тақырыптарды қозғаған сайын риза болып, ұйып тыңдаймыз! Аллаһ сіздің өмір жасыңызды ұзақ, еңбегіңізді хайырлы, отбасыңызды берекелі қылсын!!! Ал сіз туралы күңкіл сөздерді, бір болмайтын айыптауларды естігенде: «Субхан Аллах! Қазақ үшін еңбек етіп, тер төгіп, еңіреп жүрген ерді де осынша тілдеп, ғайбаттайды екен-ау өз қазақтарымыз?»-деп қайран қалып, налып қаламыз… Аллаһ сізге және отбасыңызға сабыр берсін және тура жолынан айырмасын деп дұға етеміз! Қозғайтын, айтатын ой-пікірлеріңіз қажетті, қызықты, тартымды бола берсін! Салеммен археолог бауырыңыз.