Өзім турасында

Advertisements

70 пікір (+add yours?)

  1. Мәлімет
    Ақп 23, 2011 @ 17:01:43

    Қош келіпсіз! Блогшы болуыңызбен!

    Жауап беру

  2. Aspandyar
    Ақп 24, 2011 @ 08:21:02

    Assalav mualykum!armiciz aga.
    men hitay hazagimin. ozingiz di teledydardan.habardan.tordan korip.juremin.jaylauingiz hutti bolsin!!!
    huanip turmin!!!ALLAm amandigin bercin cizge!!!aman sao bolip jure beringiz.eger Hitay hazagi turali handay da bir suaruingiz bolsa tartinbay surangiz.ALLA bar.jalgandih hospay jauap beremin…\
    Aman juringiz/halhingizding bagi uxin!!!

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 12:57:30

      Уағалейкумассалам, Аспандияр бауырым! Мен де шын қуаныштымын. Ойымды оқығандай жазыпсың. Көмегіңе жүгінетін кезім алыс емес. Аллаһтың панасында болыңыздар, арғы беттегі аяулыларым!

      Жауап беру

      • Aspandyar
        Нау 17, 2011 @ 07:29:43

        rahimet aga!!!
        ALLAmnan amandih tileymin!!!

  3. Сыр сұлуы
    Ақп 24, 2011 @ 12:10:19

    Блогыңыз құтты болсын!

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 12:58:13

      Жел сөзім – дидарыңның садағасы (Сыр сүлейлерінен).

      Жауап беру

  4. Aardak
    Ақп 24, 2011 @ 19:50:24

    жақсы басталған екен ұзағынан сүйіндірсін!!!!!

    Жауап беру

  5. balzhan
    Ақп 25, 2011 @ 05:46:54

    Блогыңыз құтты болсын! Қазақ тілінің аясы кеңейе берсін!

    Жауап беру

  6. Қара Сақал
    Ақп 25, 2011 @ 19:47:10

    Ассалаумағалейкум Бекболат аға! Блог құтты болсын! Оқырмандарыңыз көбейе берсін! Парламентте айта алмай жүрген ойларыңыз, жалпы ақиқат атаулыны төге беріңіз осында! Сусындай берейік, сусындай берейік! Аллах жар болсын!

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 13:00:28

      Уағалейкумассалам, жан бауыр. Ниетіңе рахмет! Аллаһ разы болсын. Ақиқат ащы, білем ғой. Ақиқатты айту қиын емес. Дер кезін, дәл тиетін сәтін табуда ғой мәселе. Сондай сәтін айыруды Аллаһ көмейге салса, бисмиллаһ, айтайық!

      Жауап беру

  7. Uzak Abdul Razzak
    Ақп 26, 2011 @ 07:46:43

    Ассаламалейкум аға!
    Егерде расында өзіңізбен осылыи пікірлесіп тілдесетін болсақ алхамдулла керемет жақсы болатын болды.Сізбен пікірлескі келмеитін қазақ жоқ шықар, мен де сол көптің бірімін иншалла.
    Теле арнада сіз сөйлегенде жанұямызбен құлақ сап тыңдай қаламыз әсіресе анам әкем, аитатын сөздерініз сондай рухани қазақи ұлтжанды сөздер.
    Қай руға бөлінсек те қазақ деген қанымыз бір ұлтпыз деп аитып жүрер мен де бір ініңізбін. Ендеше бірілкпен сыйластықпен татулықпен өмір сүруге тек қана алға бауырым дегім келеді

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 13:00:57

      Уағалейкумассалам, Ұзақ бауыр! Әмбе саған Аллаһтың рахымы мен берекесі болғай! Бірлік демекші, «бөлінгенді бөрі жейді» деген қазақтың мақалы сахих хадиспен сөзбе-сөз сәйкес келеді екен. Осы орайда бір мақаланың схемасы тоқылып жатыр санамда. Дұға қылып қойшы! Аллаһ разы болсын!

      Жауап беру

  8. Абду Алим
    Ақп 26, 2011 @ 10:41:19

    Аллаһ бергенінің берекесін берсін!

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 13:01:19

      Не берсе де қайырымен берсін. Екі дүниенің абыройын берсін бәрімізге! Рахмет, інім!

      Жауап беру

  9. Уристем
    Ақп 26, 2011 @ 15:55:27

    Ассаламалейкум аға!
    Сізбен тілдесудің сәті түскен сияқты, менде сұрақ көп жоғары да айтқан бауырым сияқты Пара алам мен т де айта алмай жүрген сөзіңді осында айтарсыз мүмкін ішіңде бир сыр болса оны да айтарсыз.

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 13:01:47

      Уристемге!
      Уағалейкумассалам, інім! Іші кепкен қоғамның былғанған жамбасын бірге жуыспасақ, бірлі-жарымның қауқарынан тыс қой көп мәселе. Жүйелеп жазбағаным болмаса, оң таныған ойымды іркіп қалмауға тырысып жүрмін. Шыным бәріңізге аян деп ойлаймын. Ал сырым… ол менікі… Саумалап, саумалап өздеріңіз де біліп аласыздар ғой.

      Жауап беру

  10. Мейіргүл
    Ақп 26, 2011 @ 17:52:55

    Қонысыңыз құтты болсын!!!

    Жауап беру

  11. Сыр елінен
    Ақп 27, 2011 @ 09:43:20

    Ассалаумағалейкум Бәке!!!

    өзіңіз жайлы көбірек білгіміз келеді, блогыңыздың осы парағын толтырып қойыңызшы 🙂

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 13:03:25

      Уағалейкумассалам, Сырдың көкжалы! (суретін қарап, айтқаным ғой. Ренжіп қап жүрме!) Ләббәй, қадари қалімізше көрейік!

      Жауап беру

  12. Ұлықбек Алиакбарұлы
    Ақп 28, 2011 @ 02:40:01

    Ассаламу алайкум. Блогыңыз құтты болсын аға.

    Жауап беру

    • bektleu
      Нау 02, 2011 @ 13:03:49

      Саған да Аллаһтың сәлемі, рахымы, әмбе берекесін тіледім. Рахмет, Ұлықбек!

      Жауап беру

  13. tagdir
    Ақп 28, 2011 @ 05:18:35

    Бекболат блог ашыпты! Жөн болыпты. Мансап-мәшинасын тастап халық арасына жаяу келе жатыр. Енді осы азаматты уахабит, анау-мынау деп жүргендер қаншама! Сізді сыртыңыздан ғайбат айтып жүрген жандар өте көп. Соны ескеріңіз! Бірақ «Біз айтты» қойыңыз! Негізі айтайын дегенім ол емес еді. Жазбабетіңіз құтты болсын!!! Бауырыңыз: Кеңесбекұлы, деп білерсіз, 28.02.2011. Астана.

    Жауап беру

  14. Шетелден
    Ақп 28, 2011 @ 08:31:19

    «Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар». Өзім тек оқырманмын. Мен үшін жақсы жаңалық болды. Қуанып қалдым. Құтты болсын! Көп жазыңызшы! Сіз жазудан жалықпасаңыз, біз оқудан жалыға қоймаспыз. Аллаһ разы болсын! Әрбір ісіңізге жеңілдік берсін!

    Жауап беру

  15. Әділбек
    Нау 01, 2011 @ 02:50:25

    Ассаламуалайкум,Алаштың ардақты баласы!Мен сізді Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін! Күресе берініңіз…

    Жауап беру

  16. Daniyar
    Нау 01, 2011 @ 08:02:43

    Құтты болсын! Менде жиі оқитын боламын!

    Жауап беру

  17. nurbolat1988
    Нау 01, 2011 @ 14:13:40

    Ассаляму алейкум уа рохмауЛлаху уа баракатух, Бекболат аға!!!

    Жауап беру

  18. Abay Otar
    Нау 01, 2011 @ 22:07:47

    Блогыңыз құтты болсын аға! Жоғарыда отарғандардың ішінде халыққа адал қызмет істеп жүргендердің бірісіз. Аллаһ разы болсын сізге!

    Жауап беру

  19. bektleu
    Нау 02, 2011 @ 13:21:39

    Барлық тілектестерге рахмет! Алла разы болсын!

    Жауап беру

  20. ара
    Нау 03, 2011 @ 02:54:42

    Ассаламу алайкум Бекболат ага!!!
    блогыныз кутты болсын!
    Елiмiзде шенеунiк бiткенненiн iшiнде ен жаксы коретин агамсыз!
    Аллах жардем етсин бастаган iсiнiзге!
    Осы блог аркылы артыныздан ерiп келе жаткан бауыр карындастарынызга акыл-насихатынызды айтып отырыныз. Айтпесе казiр блог деген иттiн басынын коп нарсе гой. Солардын басым копшiлiгi дуние, ахиретiне тук пайдасы – жок кур ангiме мен осек жазудан аспайды…

    Жауап беру

  21. shokan
    Нау 03, 2011 @ 05:16:01

    Ассаляму алейкум Бекболат аға!
    Алланың бұйырығы шығар, осыдан біраз ай бұрын бір блог оқып отырып Бекболат ағаның блогі бар болса оқып көрейін деп интернеттен іздеп таппай, mail.ru – ға сұрақ қойғанымда Бекболаттың блогі жоқ деген жауап алған едім. Енді міне блог ашыпсыз. Блогыңыз құтты болсын аға, енді жиі оқитын боламын!

    Жауап беру

  22. katusha_3
    Нау 03, 2011 @ 08:01:06

    Ассаламу алейкум, кайдасыз

    Жауап беру

  23. Erdoga
    Нау 03, 2011 @ 09:55:53

    Assalamualaikum Rahmetolla.
    Bekbolat Aga, Sizding Jeke Blog Ashqanyngyzdy Biz Ote Quptaimyz. Alla sizden razy bolsyn.
    Qazaq degen xalqyngyzdyng Er Azamaty bolyp, Biyk-biyk tobelerden koryne bergeisyz. Amin!

    Жауап беру

  24. Ерлан Әбдірашитұлы
    Нау 03, 2011 @ 16:22:24

    Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи, Бәке! «Намыс» журналы мен сайтыңызды көріп қатты қуанып отырмын! Бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратқан Аллаһ Тағалам осы жолда, алаш жұрты үшін қызмет істеп жатқан сенің екі қолыңа қуат берсін, бойыңа қайрат, жігерлік нәсіп етсін! Қайсы Ерлан десеңіз, «Иегова куәгерлері» «Благодать» «Новая жизнь» миссионерлері туралы республикалық БАҚ арқылы көп сынға алған Ерлан боламын!

    Жауап беру

  25. қазақ
    Нау 04, 2011 @ 05:53:14

    ассаламуғалейкум Бәке! блогыңыз кутты болсын,елімізге паидалы мағлұматтар коп болсын! айыпқа бұйырмассыз,сізге бір сұрағым бар еді. «Қазағым…» деген бир әнди естіген едім,эстрадалык жанрмен айтылған,сондағы айтқан дауыс сіздің дауысыңызға ұқсайды,шынымен сіз айтқансызба?

    Жауап беру

  26. Айбек
    Нау 04, 2011 @ 06:09:40

    Ассалаумағалейкум Бекболат аға блогыңыз құтты болсын! Әр қашан ісіңізге табыс тілеуші інілеріңіздің бірі.

    Жауап беру

  27. maqpal
    Нау 04, 2011 @ 14:12:41

    Бекболат аға, блог бастағаныңыз жөн болған екен. Құтты болсын! Сұрайын дегенім, блогты өзіңіз жүргізесіз бе, әлде көмекшіңіз бе? Блогыңызды блогтар бәйгесіне қоссаңыз, жақсы болар еді. сілтемесі мына жерде:

    http://www.kerekinfo.kz/blog/blogcampkz/466.html

    Жауап беру

  28. Гаухар
    Нау 04, 2011 @ 16:50:34

    Бекболат аға, сәлем бердік!

    Сіздің блогынызға кіріп, қазақтың қамын ойлайтын, жанымен халықтың жағдайын түсінетін, бар шындықты шыңғыртып айтатын қазақ ағамызға тап болғаныма қуандым.

    Менің интернет желісіне кіріп бір сұраққа жауап іздеп отырған жайым бар. Сізге сол сұрақты қойып бір жауабын естісем деген ойым бар.
    Бәрін басынан бастайын: мен 2 ай бойы Қарағанды қаласынан жұмыс іздеп, осы 2-3 күн бұрын бір мемлекеттік мекемеден жұмыс таптым, бірақ, сол баяғы бітпейтін бірақ. Жалақысын естігенде, осы мемлекеттің басында отырған /шалбарларын тоздырып/ шенеуік ағаларымыз бен апаларымыз қызметкерлердің жалақысын есептегенде жерге қарап қалған ба ойладым. Менің 2 дипломым, 15 жыл еңбек стажым бар, қаншама күн демей түн демей еңбек еттім, сондағы маған берер жалақысының түрі 25000 теңге. Мен мекемеге ешқандай өкпем жоқ, бірақ осындай жалақымен бюджеттік мекемеде қаншама жылдар бойы қаншама адамдар жұмыс істеп келеді. 25000 теңгеге бір ай бойы қалай өмір сүруге болады? Сіз соны маған есептеп шығарып бере аласыз? Сіз маған ренжімеңіз, тағдыр Сіздің блогыңызға тап келтірді, ал мен ішімдегі құса болған сұрағымды кімге де болса қойғым келді, мүмкін Сіз осы сұрағымды басқа көке-тәтелерімізге жеткізіп, келесі депутаттар отырысында есеп шығарып көрерсіздер. Менің 1 кішкентай ұлым бар, жасы 5-те, балабақшаға барып көрген жоқпыз /кезекте тұрғанымызға 3 жыл болды/, оны киіндіру, дәмді тағамдар алып беру, Мегапарктерге /казір бар баланы сонда қыдыртады емес пе/ апару, өзімнің сұраныстарымды айтпай-ақ қояйын, басымда үйім жоқ, сірә де болмайтын шығар, уффффф айта берсем қаншама проблема, өмір сүру өте қиындап кетті, расымен-ақ түсінсеңіз. Қариялардың пенсиясын көтеріп /біздің пенсиямыз да жоқ/ барлық азық-түлікке баға шарықтап кетті. Анда-санда алма алып жеуші едік, оны да қойдық. Сіздің құлағыңызға алтын сырға дегендей, менің көп сөзімді тыңдап /визуально/ шыққан.

    Жауап беру

    • Гүл
      Нау 05, 2011 @ 20:48:05

      Әй, сіңілім-ай, сен сияқты қанша ана, сенің сәбиіңдей неше сәби мына Тәуелсіз елімізде қиналып жүргенінде ешкімнің шаруасы жоқ па деген ойда қаламын. Бақшаның кезегін күтіп жүргенде мектеп жасына да келіп қалыпты-ау балапаның. Балалықтың бақытын сезінбеген баладан ертең Отаны азаматтық жауапкершілікті қалай талап етеді? Осыған мән берер ересектер бар ма екен?!

      Жауап беру

  29. kazprose
    Нау 04, 2011 @ 16:52:01

    Жаңа әндеріңіздің сілтемесін де осы жаққа жіберіп қойсаңыз болғандай!?

    Жауап беру

  30. Абылайхан
    Нау 05, 2011 @ 18:34:33

    Ассалаумагалейкум халық ағасы. блогыныз кутты болсын аға! денсаулығыныз мықты болсын, омир жасыныз қзақ болсын, Аллам сізге және сіздің отбасыңызға нұрын шашсын! Қазағымның қайран тілін сақтап қалу үшін мемлекетімізде барлық іс-шаралар жасалып жатыр, бірақ ол аздық етеді. Рұқсат болса менің бір ұсынысым бар еді. Еліміздің барлық орта оқу орыдарында (қазақ және орыс мектептерінде) бастауыш оқу процесін тек қана қазақ тілінде жүргізсе деймін. Қазақ тілінде оқыту, ана тілімізді сақтап қалуың бірден бір жолы деп есептеймін. Осы мәселені қарауларыңыды сұраймын. Дәл осылай жоғарыдағы ағаларымызда өздерінің блогтарын ашып койса дұрыс болар еді. Сізге үлкен РАХМЕТ!!!

    Жауап беру

  31. Көкбөрі
    Нау 05, 2011 @ 19:10:15

    Айтайын дегеніңізідің бәрін осы арадан жазып отсаңыз айтпайны дегеніңізді өзіміз сұрап отыратын жақсы блог бастапсыз .Блогыңыз жазба мол оқырманыңз көп болсын.Айтаиын дегінм бұл емес еді.Осыдан 3 жыл бұрын Массаған сайтында бір дау болып көпке топырақ шашпасамда шашқандай еліре сөйлеп .Біздің өткен мен кеткенді білетінің бәрі сол бір білгіштіктерін сайтарда жазса ғой.әттең солар сайттарға жазбасын тіркегені құрысын кампиторға өз ойларында жазып тіркеи алмайды деп кеиіп ренжіи пікір жазаған едім…

    Айтпайын дегенім..сонда бекер оларға өңшең анау мынау деп ренжіппін ғой..Сол алғашқы өз ойларын жазып тәлтіректеп сайт әлеміндe қазақша пікір жазып жүрген солар нағыз ұлт жанды қазақ ғаламторының шын жан ашарлары екен ғой.

    Ал сол білетінің мен ұшқыр қыялы.. ескі жаңаны сапырыстырып өз ойын батыл айта білітін Тікеңдей ағаның блог бастап -Айтайын деп жүргені неге түрады .

    Қазақ ғаламтор әлемніде жақсы бір қолтаңба қалыптасуңызға тілектеспін.Аман болыңыз!

    Жауап беру

  32. nurman
    Нау 08, 2011 @ 04:26:05

    Ассалаумағаләйкум халық ағасы. блогыңыз кұтты болсын аға! денсаулығыңыз мықты болсын, омір жасыңыз ұзақ болсын.сіздің жұмысыңыздың көп екеніні қарамай қалықпен сырласуға уақыт шығарғаныңызға мыңда бір рақымет.

    Жауап беру

  33. nurbolat1988
    Нау 08, 2011 @ 07:19:25

    Ассаляму ъалейкум уа рохматуЛлаху уа баракатух!!! Бекболат аға, сізбен тел. арқылы сөйлескім келеді, маған сот. тел. номерін бере аласызба? Почтам: nurbolat_dostleu@mail.ru

    Жауап беру

  34. Қуаныш
    Нау 09, 2011 @ 09:09:53

    Ассаламу ғалейкум!
    Құтты болсын. Алла ұзағынан сүйіндірсін…Тұрақты оқырман болуға әзірміз, тұшымды дүниелер күтеміз…

    Жауап беру

  35. Марат Абу Мухаммад
    Нау 10, 2011 @ 04:39:01

    Ассалямуаляйкум уа рохматуЛлахи уа баракатух!!! Бекболат ага Аллах сизге разы болсын, сизди Аллах разылыгы ушин жаксы корем! Джазака Аллаху хойран!!!

    Жауап беру

  36. Aidana
    Нау 11, 2011 @ 10:03:03

    Ассаляму алейкум уа рахтатуЛлахи уа баракатух

    Жауап беру

  37. ЖАНДОС
    Нау 12, 2011 @ 14:06:20

    Ассаламуғалейкум ! Бекболат,аға !
    Мен сіздің әншілік өнеріңізді өте жоғары бағалаймын ! Тіпті,жүз жылда бір туар әншісіз десем кем айтқаным болмаса,артық айтқаным емес !
    Бекболат аға,сіздің орындауыңыздағы бүгінгі күнге дейінгі барлық термелерді,әндерді қайдан сатып алса болады? Мен Астанада турам, ешкандай диск сататын магазинде сіздің дискіңіз ЖОҚ ! Қайдан алуға болатынын айтсаңыз болды, жер түбінде болса да барып сатып алам )))…

    Жауап беру

  38. Азамат Битан
    Нау 13, 2011 @ 14:09:06

    Ассаламу алейкум уа рохматуллох. Қалыңыз қалай аға? Құдай тағаланың берген демімен аман- есен жүрмісіз? Мен Қазақ Ұлттық Университетінің шәкіртімін (білім ізденуші). Қазақтың қара жігітімін. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан боламын. Барлық істеріңізге Аллах тағалам береке берсін. Жамандық атаулыдан сақтасын. Әмин дейік.

    Жауап беру

  39. Нұрислам
    Нау 13, 2011 @ 17:47:39

    Ассаламу’алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Бәке, сізді мақтайын деп тұрған жоқпын. Аллаһтың өзім сықылды құлын жамандамаймын да. Қитұрқы қоғамның көлеңкесінде қалып жүрген иман мәселесін даусыңыз жетер жерге дейін айқайлап айтып та жүрсіз. Жаным ашиды. Бірақ өзіңіз білетіндей Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ. Сіз бен біз себепші ғанамыз ғой. Қазақ үшін, мұсылман бауырларымыз үшін ду’а етіп тұрамын.

    Жауап беру

  40. Ерлан Әбдірашитұлы
    Нау 16, 2011 @ 02:17:08

    Ассалаумағалейкум! Құрметті мәжіліс депутаты Бекболат Тлеухан!
    Өзіңіз хабарда шығарсыз, Бек Датұлының маса сайтындағы «Исламская эротика » атты бүкіл мұсылмандардың ар-намысына тиетін сұмдық мақалы суреттерімен бірге берілгені туралы Сіз хабарда боларсыз! Бұл асыл дініміз Исламға және бүкіл әлемдегі мұсылман әйелдерге қара күйе жағу. Қазір Қазақстан мұсылмадарының наразылығын тудырып жатыр! Бәке! Бұл сұмырайлары сотқа беруге болмас па екен! Немесе КНБ-ға депутаттық запрос жасап, оларды орнына қойып, сотқа беріп жаза тартпаса шектен тым қатты кетіп барады!

    Жауап беру

  41. janarbek
    Нау 18, 2011 @ 02:37:26

    Ағай,
    Бұл Хидажаб мәселесіне бірдеме демейсіз бе ? Сізден бір дұрыс пікір күтпесек басқа ешкімнен күтпейміз.
    Мына халыққа бірдеме десеңіз жарар еді.

    Анау қыздарға обал болатын болды, біздің елде шаш ал десе бас алатын мектеп директорлары енді оларды мектептің ауласынада алмайтын шығар.

    Сізден жауап күтеміз аға.

    Жауап беру

  42. сарсен
    Нау 19, 2011 @ 10:57:34

    Ассаламу’алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Жихжаб деген не ? Хиджаб қоғамға қауіп төндіріп тұр ма ? Хиджаб дауын шығарып жүргендердің мақсаты не?
    Қазаққа қауіп арабтан ба, жоқ қытайдан ба соны діни сауасыз халыққа жақсылап жалпақ тілмен түсіндіріп берсеңіз !!! Алланың разылығы үшін !!! «Өзінің мұсылман бауырның ары аяққа тапалып жатқанда көмек көрсетпеген адам бізден емес» деген екен Пайғамбармыз (с.а,у.)

    Жауап беру

  43. zheniskaz
    Нау 20, 2011 @ 22:08:54

    Ассаламу алайкум, Бекболат аға! Қалыңыз қалай? Жаратқан иеміз әрбір істеріңізге тек сәттілік бергей.
    Иә, бәрнеше кісілер де блогыңыздың ашылғанына тән ризалығын ғана білдіріп қоймай, бағалы дұға тілектерін білдірген екен. Мен де солардың қатарына қосыла отырып блогыңыздың ашылуымен құттықтаймын. Тек тоқтап қалмаса екен де тілейміз.
    Аға! Блогшылар құрылтайына келіп кеттіңіз, ондағы алған әсеріңіз бен болашақта үміт ететін бұл жастардан не күтетініңіз жайлы да жазып өтсеңіз. Біздер үшін маңызды болуда. Осының аясында ойлар туындап діни жағында ұйымдастыру ойда бар.

    Жауап беру

  44. сарсен
    Нау 23, 2011 @ 18:15:02

    Ассаламу’алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ ,Дін басымыздың » Бр ұлт- бір дін- бір мазһаб» үндеуін қайта жандандырыңызшы. Атырау жақта бауырларымыз қыйналып жүр дейді. «Таза дін» дегенді ұстанамыз деп.

    Жауап беру

  45. Сұлтан ЖАНБОЛАТ
    Нау 24, 2011 @ 13:24:27

    Парлаиентте Шерхан ағаның орнын басқаныңа, қазақ үшін шырылдауыңа қатты ризамын. Дүниежүзі Қазақтарының 2005-жылғы құрылтайындағы сөзің маған әніңдей жаққан еді. Бүгінблогыңа кіріп көп нәрсені еске алып отырмын
    Тасың өрлей берсін Беке бауырым. Алдағы құрылтайда кездесіп қалармыз.

    Жауап беру

  46. Асқар Сағитжан
    Нау 27, 2011 @ 00:16:53

    Аға блогыңыз құтты болсын! Менде сіз сияқты шындықты сөйлеп,сізден үлгі алып, жүрген жерімде шындығын жасырмай айтып жүргендердің бірімін. Ақиқат ащы дегендей айналамдағылардың біразы ренжіп,енді бірі қолдап жатады. Сізге қояр сұрағым бар еді,өмірде әр бір адам өзінің ізін жалғастыратын мұрагерінің болуын қалайды ғой, сол сияқты өзіңіздің шәкірттеріңіз барма? сізге шәкірт болсақ қалай болады?

    Жауап беру

  47. agabek
    Нау 28, 2011 @ 12:04:33

    Ассалаумағалейкум, ағасы! Қадамыңыз құтты болсын! Қайырлы етсін! Жүрекке мейір ұялататын жазбаларыңыз көп болғай! Сізге тілекшіл көп інілеріңіздің бірімін ғой!

    Жауап беру

  48. сарсен
    Нау 30, 2011 @ 19:23:27

    Ассаламу’алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ ! Қазақтың намысын оятатын бір сілкініс жасаңызшы ! Бізге бір рухани сілкініс қажет .

    Жауап беру

  49. Бауыры
    Сәу 02, 2011 @ 12:44:01

    Кутты босын блогыныз.Иманның жартысы жақсы мінез.
    Жақсы мінездің жартысы – жақсы сөз. Яғни, рухымыздың тазалығы – аузымыздан шыққан сөзіміздің жақсы-жаманынан білінеді.журектегинизди бизге жеткизип отырыныз.

    Жауап беру

  50. Yasin
    Сәу 03, 2011 @ 17:22:10

    Ассаламу-алайкум Бекболат аға!Машааллаһ Аллаһ қадамыңызды құтты қылсын!

    Жауап беру

  51. Aйсауле
    Сәу 07, 2011 @ 07:27:11

    salamatsiz ba?siz winimen Bekbolat Tileuhanovsiz ba?

    Жауап беру

  52. сарсен
    Сәу 15, 2011 @ 09:41:22

    Ассаламу’алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ ! Қытай мәселесі, азаматтық алу, мәселесі туралы депутат мінберінен мәселе қозғасаңызшы !!!

    Жауап беру

  53. сарсен
    Сәу 17, 2011 @ 18:33:33

    Ассаламу’алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ ! Қытайдағы қазақтарды көшіріп келу туралы мәселе қозғасаңызшы.

    Жауап беру

  54. Жамбо
    Мам 07, 2011 @ 06:37:07

    Бүгін 7 мамыр, Қазақстан Республикасының қарулы күштері күні құтты болсын аға!

    Жауап беру

  55. Abilakim
    Мам 25, 2011 @ 05:25:16

    Беке,сіз блогыңыз бар екенін ұмытып кеткен жоқсыз ба?

    Жауап беру

  56. KazLIFE
    Шіл 20, 2011 @ 03:29:28

    Ассаламуғалейкум! Бекболат аға! Жаратқан иеміз әрбір істеріңізге тек сәттілік бергей.
    Бай-Өлке де болған сапарыңыз қалай болды? Сіздерден жақсы жаңалық күтеміз?
    Құрметпен, Өмірбек бауырыңыз!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: